Қазақстан Республикасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№52 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 55-34-38
Есепші бөлімі:
+7(7252) 55-51-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей сынып айдары.Робототехника
10
апрель
2021

Лицей сынып айдары.Робототехника

Лицей сынып  айдары 
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты  N52 мектеп-лицейінде «Зияткер көшбасшысы – 2021» зияткерлік сайысы өткізілді.
Ой ұтқырлығын, саусақ қозғалысының жылдамдығын, сонымен қатар шапшаңдықты талап ететін бұл сайысқа мектебіміздің 9-шы сынып оқушылары қатысты.
Зияткер сайысында оқушыларымыз үш кезең бойынша сынға түсті:
1️⃣кезең – Бәйге;
2️⃣кезең – Жорға;
3️⃣кезең – Дода.
Сайыстың «Бәйге» деп аталатын алғашқы кезеңінде оқушылар өздерінің ұялы телефондарымен «Kahoot» бағдарламасы арқылы қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды. І кезең бойынша сыннан сүрінбей өткен, ең көп ұпай жинаған оқушы ІІ кезеңге өткізілді.
Ал сайыстың «Жорға» кезеңінде әр оқушыға 5 сұрақтан қойылып, сұрақтарға толық әрі тез жауап берген оқушыларға арнайы ұпай беріліп, келесі кезеңге жолдама берілді.
Ақтық кезең ІІІ кезеңде оқушылар ұяшық арқылы сұрақтар таңдап, әр дұрыс жауапқа ұпайлар алып отырды. 
🏆Зияткерлік сайыстың нәтижесі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жүзден жүйрік атанған оқушыларымыз:
✅🏆🧠«ЗИЯТКЕР КӨШБАСШЫСЫ – 2021» 
🥇І орын –Кенжебек Ажар 
🥈ІІ орын – Нургалиева Дильназ
🥉ІІІ орын – Есболған Саттар
Ойын соңында оқушылар ұйымдастырушылар физика пәні мұғалімі Омарова Майра және информатика және робототехника пәні  мұғалімі Жұрманова Балнұр апайларымызға өз алғыстарын білдіріп, ойын жалғасын тапса деген тілектерін жеткізді.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив