31
декабрь
2021
"Үздік ашық сабақ-2021"
Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
Роджер Бэкон.
Шымкент қаласы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес білім басқармасының 25.11.2021ж № 418 хатын негізінде №52 мектеп-лицейіміздің педагогтері "Үздік ашық сабақ-2021" байқауына қатысып, заман талабына сай оқытудың креативті әдістерін қолдануда шеберлік танытып, білім берудің жаңа бағыттарын айқындауға қосқан үлесі үшін жүлделі орындар иеленіп ll, lll дипломдармен марапатталды.
Математика пәнінің мұғалімдері: Мырзахметова Куланда Полатовна, Кокушева Зура, Пірманова Әлия, Абауова Дана және
физика пәнінен Рыскулова Лаура Ауеновна мен ағылшын тілінен Кадиркулова Умиданы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!.



