03
октябрь
2021
Алғыс хат
Еңбектің еленгені - құрмет иесі үшін қашанда үлкен абыроймен қатар, жаңа міндеттер мен жауапкершілікті жүктейді. Ұстаздық қызметінде өмір жолымен өзгелерге үлгі-өнеге бола білген #52 мектеп-лицейінің бірқатар мұғалімдері төл мерекесі аясында лайықты марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, химия-биология пәні бірлестігінің шебер ұстазы Парасат Менликулова Шымкент "Дарын" орталығы мемлекеттік мекемесінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, Шымкент қаласы білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" ұйымдастырған жас мамандар байқауына ұсынған жұмысы үшін Ақмарал Арапбай аталған мекеменің Мадақтамасына ие болды. Ал, жас та болса тағылымды істерімен танылып үлгерген Марзия Абдрайтынова, Жансұлу Санаева мектеп директорының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Марапат иелерін бірлестік мұғалімдері атынан шын жүректен құттықтаймыз! Мереке құтты болсын, әріптестер!...


