Қазақстан Республикасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№52 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 55-34-38
Есепші бөлімі:
+7(7252) 55-51-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2021

Оқушылар жетістіктері

Шәкіртімнің  сабақ үстінде жазған "Менің жетістіктерім" мақаласын өз парақшамда жариялауды жөн көрдім.Осындай дарынды оқушыларымыз көп болсын.                      Шымкент қаласы 
Абай ауданына қарасты 52-мектеп лицейі 6 "Ә" сынып оқушысы
ТАШМАТОВА ШҰҒЫЛА УМАРҚЫЗЫ.
Жетістікке ұмтылуда ең бірінші ата- анасының, достарының,туған-туысқандарының қолдауы қажет болады.Ешбір адам мақсатсыз өмір сүре алмайды,және де оған бар білімін ақыл-ойын күш-жігерін жұмсайды.
Кез-келген саналы жеткіншектен арманың не деп сұрасаң “ата-анамның үмітін ақтасам” дейді.Иә, балалардың көпшілігінің арманы ата-анасының үмітін ақтау.Сол секілді анам да маған үлкен үміт артады,ал оның үмітін ақтау мен үшін өте маңызды.Мен оған талмай еңбектенемін. Менің әр жетістікке жеткен сайын анам қатты қуанады.Ал жетістікке жету үшін білім қажет,мені білім нәрімен сусындап отырған,аяулы білім ұя мектебім 52-мектеп лицейі. Директорымыз Бимырзаева Айнұр Жарылқасынқызына алғысымды айтамын.
"Ұстаздық еткен жалықпас.
Үйретуден балаға" -деп Абай атамыз айтқандай,ұлағатты сөздерін ұстанып шәкіртіне үйрете отырып білімін шыңдай түсетін 
ұстазым,жетекшім Шертаева Гүлсара Жақсылыққызына  алғысымды айтқым келеді.Мен 2015 жылы мектеп табалдырығын алғаш аттадым.Жалпы білім беретін пәндер бойынша, менің жетістіктерімді атап өтсем: Халықаралық ПОНИ байқауында жеңімпаз атандым және математика олимпиадасында 1дәрежелі диплом алдым, қазақ тілі олимпиадасында 3-дәрежелі диплом алдым. Бәйтерек Республикалық зияткерлік олимпиадасында 1 орын диплом,рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Жас қаламгер шығармашылық байқауында үздік деп танылып диплом алдым,"Күз береке сән салтанат"атты Эстетикалық пәндер апталығында "Әнші болғым келеді"сайысында өнер көрсетіп 1-орынмен марапатталдым,Республикалық "Алтын күз"атты балалар мен жастар байқауында "Вокал"номинациясы бойынша 1-дәрежелі диплом алдым,Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында ТАРИХ пәні бойынша өткен "Алтын ұрпақ" зияткерлік олимпиадасынын жеңімпазы болып дипломмен марапатталдым, "Тәуелсіздік тұғырым" шығармашыл жастар өнер байқауы Аспапта ойнау номинациясы бойынша 1-орын алдым,"Жас ғалым-жастар" қоғамдық бірлестігі және "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен Жасөспірімдер ұйымы білімімен дарындылығымен қолөнердегі ізденпаздығы және шеберлігімен ерекшеленіп "Алтын жұлдыз" медальімен марапатталдым.Және де Жас ғалым дарынды балаларға арналған Республикалық ғылыми танымдық журналына Түркістан-Түркі әлемінің астанасы атты шығармаммен журнал бетіне шықтым.Осы менің жетістіктерім,адам жетістікке жету үшін алдына мақсат қояды.Сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек ету қажет.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив