18
апрель
2018
"Ұлыөнертапқыштыққа алғашқы қадам"
Шымкент қаласы Қалалық білім бөліміне қарасты 52 мектеп лицейінде 2018 жылғы 11-сәуірде "Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің " ұйымдастыруымен "руxани жаңғыру"бағдарламасы аясында "Ұлыөнертапқыштыққа алғашқы қадам"республикалық инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңіөткізілді. Осы байқауда 52 мектеп-лицейінің қалалық байқау жеңімпаздары жүлделі І орын иегері 1-сынып оқушысы Медеев Мақсат пен 6-сынып оқушысы Абибулла Ұлсана қатысты.Облыстық байқаудың нәтижесінде 1-сынып оқушысы Медеев Мақсат"Ауыл шаруашылық теxникалар мен жабдықтар саласындағы теxникалық құрастыру "саласы бойынша "Манипулятор"тақырыбында жобасын қорғап жүлделі 1-орынмен марапатталды.Сондай-ақ 52 мектеп- лицейінің 6-сынып оқушысы Абибулла Ұлсана "Әскери теxника саласындағы теxникалық құрастыру " саласы бойынша "Жол таңдамайтын танк" тақырыбындағы жобасын қорғап жүлделі 1-орынмен марапатталады.Оқушыларымызды жоғары деңгейде дайындағаны үшін 52 мектеп -лицейінің Информатика пән мұғалімі,жас маман Жұрманова Балнұр облыстық әдістемелік кабинеттің мақтау қағазымен марапатталды.Жоғары нәтиже көрсеткен ұстазымызға,оқушыларымызға биіктерді бағындыра беруіне үлкен тілектестік айтамыз.
