Қазақстан Республикасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№52 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 55-34-38
Есепші бөлімі:
+7(7252) 55-51-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
12
февраль
2022

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


          2022 жылдың 25 қаңтар күні Шымкент қаласы Дарын орталығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың  жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Шымкент қаласы, Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Раушан Омарханқызы Джеренова  осы олимпиаданың Алтын медаль иегері №52 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Қасымжан Кәусарды І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен, сонымен қатар,  «Дарын» РҒПО олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңіне қатысушы сертификатымен де марапаттады. 
          Пән мұғалімі ретінде Кәусардың жеткен бұл жетістігіне өзінің пәнге деген қызығушылығының артуына себепкер болғанымды мақтан тұтамын! Әрине Кәусардың анасы да ұстаздық қызмет жолындағы тұлға ретінде ықпал еткенін жоққа шығара алмаймын. Тынымсыз еңбектің, дайындықтың арқасында әлі талай биіктерді (ғылыми жобалар, халыкаралық байқаулар т.б.) бағындыратынымызға сенімділік танытамын! Кәусардың бұл жеңісі өзінің қатарлас оқушылар арасында үлкен мотивация болды!




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив