18
ноябрь
2021
"Адам тағдырының айнасы" атты еске алу кеші
Ы. Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасында жазушы Рахымжан Отарбаевтың туғанына 65 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Адам тағдырының айнасы" атты еске алу кешіне №52 мектеп-лицейінің 8 Б сынып оқушыларының қатысуымен "Еске алу кеші" өткізілді. Оқушылар Рахымжан Отарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтіп, өз еліне деген патриоттық сезімдерін жігерлендіре түсіп, қазақтың ақын-жазушыларының шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттырып, білімділіктерін арттыра түсті.



