30
ноябрь
2021
Гимнастикадан Шымкент қалалық мектептер арасында өткен сайыс
Бүгінгі жазбам кішкентай ғана жұлдыз қызыма арналады.
Кенеттен ашылған есікке жалт қарадым. Сынып жетекшісінің артынан еріп, кішкентай ғана оқушы қыз кабинетіме кіріп келді. Сол бір сәтте балалық шағым есіме түсті. "Мектеп директоры" нан барлығымыз аяқ тартатынбыз.
Кейіпкерім де тура сол көзқараспен маған қарайды. Сөйтсем, кейіпкерім Алия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінің шәкірті, 3"И" сынып оқушысы Мейрәлі Кәусәр екен. Гимнастикадан Шымкент қалалық мектептер арасында өткен сайыста жүлделі І орынды иеленіпті. Ақырын тіземе отырғыздым. Балаларша шын қуану тек оларға ғана тән. Жетістігімен бөліскен кішкентай жеңімпазым менің! Алда Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы болатыныңа сенемін, №52 мектеп-лицейінің жарық жұлдызы!!!


