17
февраль
2022
"Сауат ашу" "Математика" пәндерінен олимпиада
Тұла бойы тұңғышым, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған, N52 мектеп—лицейінің МАД "А" тобының оқушысы Әуез Әлинұрым, ұстазы Жолшыбекова Қаламқас апайдан алған білімін көрсетіп, BILIMTIME. KZ ұйымдастырған "Сауат ашу" "Математика" пәндерінен жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Республика көлемі бойынша ұйымдастырған "Қыстың ғажап бейнесі" атты онлайн байқауға қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталып бізді қуантты.
Бұл үлкен жетістіктеріне алғашқы қадам деп есептеймін. Ұстазымызға шәкірттер тәрбиесі мен тәлімі жолындағы әр еңбегіңіз өз нәтижесін бере берсін деп тілейміз!!!

